Халықаралық байқаушы көппартиялық жүйенің артықшылығын атады
Көппартиялық жүйе елдің саяси өміріне енуі тиіс. Мұндай пікірді Литва Республикасының Сеймі төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускас білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Біз Қазақстандағы референдумнан кейін демократиялық реформалар іске асырылып, адамдарда өз өкілдерін Парламентке тікелей сайлау мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Қазір үміткерлер тек партиялық тізім бойынша ғана емес, сонымен қатар бір мандатты округтер бойынша да сайланады. Талапқа сай келетіндердің бәрі өз кандидатураларын ұсына алады. Біз барған округтерде үміткерлердің көп болғаны қуантады. Енді адамдар партияға емес, тікелей сайлаушыға тәуелді болады
- деп атап өтті Юлиус Сабатаускас.
Сонымен бірге ол бюллетеньдегі «барлығына қарсымын» жолағына қатысты пікір білдірді.
Егер сайлаушылар өз дауысын беруге ла